Түркия-Сомали Бизнес Форумы Стамбулда өтті

Түркия-Сомали екі ел арасында сауда және экономикалық келісімі жасалды.

437862
Түркия-Сомали Бизнес Форумы Стамбулда өтті

Сомали премьер-министрі Өмер Абдуррешит Али Шармарки Сыртқы экономикалық байланыс кеңесі тарапынан ұйымдастырылған жиналыста мемлекетінің дамуы үшін Түркияның да үлесіне мұқтаж сезінгенін білдірді.

Прембьер-министр орынбасары Лутфу Елван да Түркияның Сомалиге инвестицияның 100 миллион долларға жеткенін айтты.

Қауіпсіздік, тұрақтылық және байлықтың жүзеге асырылуы үшін Сомалидің алдында ұзақ бір жол бар екенін меңзеген Лутфу Елван экономикалық және сауда жұмыстары арқылы шетелдік инвесторлардың арттырылуының шарт болғанын білдірді.

Экономика министрі Мұстафа Елиташ болса Түркия мен Сомали арасындағы сауда көлемінің арттырылуы керектігін атап өтті.

Сомалимен болған сауда көлемінің биыл 80 миллион, келесі жылы 100 миллион долларды нысаналағандарын баяндаған Елиташ 2003 жылы Африка құрлығына 5,4 миллиард доллар экспорт жасаған кезде осы санақ 20 миллиард долларға жеткенін айтты.

Түркия-Сомали Бизнес Форумында екі ел арасында сауда және экономикалық келісіміне де қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар