Түркия "EBRD" банкі ең көп инвестиция салған ел болды

Халықаралық қайта құру және даму банкі өткен жылы 1,9 миллиард евромен ең көп инвестицияны Түркияға салды.

430201
Түркия "EBRD" банкі ең көп инвестиция салған ел болды

Халықаралық қайта құру және даму банкі өткен жылы 1,9 миллиард евромен ең көп инвестицияны Түркияға салды.

«Ernest and Young» ақпарат көздерінің мағлұматтарына қарағанда Халықаралық қайта құру және даму банкі өткен жылы Түркиядағы энергия, қаржылай қызметтер, қатынас, компьютерлік технология және өндіріс саласында қызмет еткен 6 фирмадан кейбіреулеріне ортақ болып, кейбіреулерін сатып алды.

Түрік фирмаларының келешегіне сенген банктің 2015 жылы ең көп жаңғырық туғызған ортақтығы Биржа Стамбұлдың 10 пайыз акцияларын сатып алуы болды.

Банк Халықаралық Қаржы мекемесі (IFC) мен бірге «Fibabank»-тың да 19,90 пайыздық ортағы болып, бұл ортақтықтың құны жарияланбады.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің құны жарияланбаған тағы бір инвестициясы болса «The Abraaj Group» пен жүзеге асырған және бөліскен акциялары жайлы мағлұмат берілмеген «BRN резерв» ортақтығы еді.

Банк аталмыш кезеңде «Akfen» Жаңартыла алатын энергияның 100 миллион долларлық 20 пайызымен, «Global» порттың 60,5 миллион долларлық 10,84 пайызына ортақ болса, акция проценті жарияланбаған «Onedio.com»-ға да 3 миллион доллар салды.

Орталығы Лондондағы Халықаралық қайта құру және даму банкінің 2015 жылы жұмыс істеген барлық елдерге жалпы 9,4 миллиард евро инвестиция салғаны, Түркияның жалпы инвестицияның 1,9 миллиард евролық құнында 20 пайыз үлесімен бірінші орын алғанын жариялаған болатын.

Банктің Түркияға 2014 жылы барлық инвестициясы 1,4 миллиард евроны қамтитын.

Банк Түркияның орталық болу тұғырының уақыт өткен сайын күшейгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар