Түркияда әуе жолын пайдалану 9,3 пайыз артты

Мемлекеттік әуе алаңдары басқармасы мәлімдеме жасады.

401404
Түркияда әуе жолын пайдалану 9,3 пайыз артты

Мемлекеттік әуе алаңдары басқармасы (DHMİ) Бас директорлығының мағлұматтарына қарағанда Түркияда ел көлемінде қызмет алушы жолаушы саны биылдың қараша айында 10,6 пайыз артып, 12 миллион 600 мың, 11 айлық мерзімде болса 9,3 пайыз артып 169 миллион 700 мыңға ұласты.
Қараша айынан бастап, әуежайларының барлық ұшақ қатынасы өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда ішкі бағытта 12,2 пайыз артып 66 мыңға, шетел бағытына 6,3 пайыз артып 42 мыңға, жалпы алғанда болса 9,8 пайызбен 107 мыңға жетті.
Қараша айында ішкі бағыт жолаушы қатынасында Стамбұл Сабиха Гөкчен, Анкара Эсенбоға және Ағры Ахмед-и Хани әуежайлары ең көп үлесті қосқан жерлер болды.
Жүк тасымалдауы биылдың қараша айында 2,5 пайыз артып, 213 мың тонна ретінде жүзеге асты. 11 айлық мерзімде болса 5,8 пайызбен 3 миллион тоннаға ұласты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар