Террор рискі Еуропа экономикасына кері әсер етуде

Париж шабуылдарының артынан артқан қауіпсіздік уайымдары Еуропада экономикаға да кері әсерін тигізді.

421176
Террор рискі Еуропа экономикасына кері әсер етуде

Бұл жайлы ескертулер келуде.
Италия Қаржы министрі Пиэр Карло Падоанға қарағанда әсіресе Евроаймақта нәзік жағдайдағы экономиканың күшею процесі қауіп астында.
Кейбір жоғары деңгейдегі дауазымдылар да террор шабуылдарының инвесторлардың сенімін жоғалтуына себеп болғанын алға тартады.
Бұл кезеңде фирмалардың инвестиция жобаларын кейінге қалдыруы мүмкін.
Басқа жағынан Евроаймақта жылдың үшінші ширегінде экономикалық өсу әлсіреді.
Шілде, тамыз және қыркүйек айларын қамтитын 3 айлық кезеңде Евроаймақта экономикалық өсу 0,3 пайыз жүзеге асты.
Бұл көрсеткіш болжамдардан әлдеқайда төмен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар