Түркияға құлаған метеорит сауда көзіне айналды

Бингөлдің Сарычичек ауылы тұрғындары ауылға құлаған метеорит сынықтарын іздеуде.

414401
Түркияға құлаған метеорит сауда көзіне айналды

Аймаққа 2 қыркүйек күні құлаған метеорит бөлшектерінің құнды екені жайлы қауесеттердің артынан азаматтар бай болу қиялымен метеор іздей бастады.
Құнды екені байқалған соң шетелден және елдің жан-жағынан келген азаматтар Чарычичек және Экинйолу ауылында метеорит іздеуде.
Метеориттер 35 доллардан бастап, 50 долларға дейін сатылады. Осылайша ауылдықтарға жақсы табыс түседі.
Табылған тастардың өздері үшін ғылыми ауылдықтар үшін болса экономикалық құны бар екеніне назар аударған Бингөл Университеті аға оқытушысы профессор Искендер Демиркол аймақтағы зерттеулері нәтижесінде тастардың метеорит екенін анықтағандарын мәлімдеді.
NASA мен Стамбұл Университеті арқылы Бингөлге делегация жіберілгенін атап көрсеткен Демиркол NASA-дан доктор Петер Женнискенс және Стамбұл Университеті ғалымы доцент Озан Үнсалан мен Бингөл Университетінен құрылған бір топ 5 күн бойы Сарычичек және төңірегінде зерттеу жүргізгендерін табылған метеорит сынықтарын анықтап, құлаған жерді белгілегендерін атап айтты.
Лабораторияда жасалған зерттеуде метеориттердің 28 элементті құрамында ұстағанын айтқан Демиркол, аймаққа құлаған 250-ге жуық метеорит салмағының 2 граммнан басталып, 470 граммға дейін өзгергенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар