ЕО-дан Түркиядағы босқындарға көмек

ЕО Түркиядағы сириялық босқындар үшін 17,5 миллион евро көмек береді.

377933
ЕО-дан Түркиядағы босқындарға көмек

ЕО Түркиядағы сириялық босқындар үшін 17,5 миллион евро көмек береді.


ЕО комиссиясының хабарламасына қарағанда, көмектің 12,5 миллион евросы Түркиядағы бала босқындардың білім алуы үшін қолданылады. Әсіресе қыз балалар мен мүгедектерге көмек беріледі. 200 мың балаға оқу құралдары таратылады. Араб тілі сабағы беріліп, психологиялық қолдау да қамдалады.


Үш лагерьде өмір сүретін 41 мың сириялық босқынның азық-түлік алу купоны үшін 5 миллион евро бөлінеді.


ЕО Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Федерика Могерини ЕО Сенім фондының алғаш рет нақты іске кіріскенін айтты.


Могерини «Бұл ЕО-ның көңіл бөлгенін көрсетеді. Сириялықтар мен оларға көмектесу жауапкершілігін көрсеткендерге де көңіл бөлеміз. Сирия бір буыннан айрылып қалды. Бір қалам мен кітап Сирия балаларына үміт болсын» деді.


ЕО комиссиясы кеңеюге жауапты мүшесі Йоханес Хан да шамамен 2 миллион босқын өмір сүретін Түркияға қолдау көрсету жауапкершіліктері екенін айтты.


Босқындар үшін ЕО бюджетінен бүгінге дейін Түркияға 175 миллион евро бөлінді. Бұның 55 миллион евросы қолданылды.


Сирияда қақтығыстар басталған күннен бері 11,5 миллион адам үйлерін тастап шықты. шамамен 4 миллион азамат көрші елдерді паналады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар