Үлкен-20 елдері Қаржы министрлері жиналысы аяқталды

"Босқындар тақырыбында Еуропаның болымсыз ұстанымы экономикалық дағдарыстың психологиялық нәтижесі".

375187
Үлкен-20 елдері Қаржы министрлері жиналысы аяқталды

Давутоғлу Үлкен-20 елдерінің Қаржы министрлері мен Орталық Банк төрағалары жиналысында 2008 жылғы қаржы дағдарысының артынан үлкен қаржылық, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің туындағанын, бұл мәселелердің артынан көптеген елде саяси дағдарыстар шыққанын және ұлтшыл қозғалыстардың күшейгенін атап айтты.

Давутоғлу мемлекеттердегі саяси тұрақсыздықтың экономикалық дағдарыстармен параллелді түрде ілгерілегенін атап көрсетті.

Премьер-министр Давутоғлу дамыған экономикаларда әсіресе соңғы 2 жылдан бері жақсару байқалғанын, дегенмен даму жолындағы экономикалардың бұрынғы тұғырларынан әлде қайда алыс екенін атап, өсіп жатқан нарықтардың динамикасында әлсіздік байқалғанын, өткен жылғы Үлкен-20 елдерінің Брисбенде ортаға қойғандары 2 пайыздық өсу нысанасына қол жеткізуінің қиындағанын атап айтты.

Отырыстар барысында босқындар мәселесіне де назар аударылды.

Босқындар мәселесінің барлық адамзаттың мәселесі екенін атап айтқан вице-премьер Джевдет Йылмаз «Бұл адамзаттық трагедияға әлемнің одан көп назар аударуын күтеміз» деді.

IMF төрайымы Кристин Лагард болса сириялықтарға қонақжайлық жасап жатқан Түркияға алғысын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар