Түркия – ЕО-ның бесінші ірі серігі

Еуропа Статистика мекемесі деректері жарияланды.

332409
Түркия – ЕО-ның бесінші ірі серігі

Түркия мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы күн өткен сайын артуда. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айындағы деректерге қарағанда Түркия ЕО-ның бесінші ірі серігі болды.


Еуропа Статистика мекемесі деректеріне қарағанда, 2015 жылдың алғашқы жартысында Түркия ЕО-дан 41 миллиард евролық импорт және 30,2 миллиард евролық экспорт жүзеге асырды.


Осылайша Түркия барлығы 71,2 миллиард евролық сауда айналымымен Норвегиядан да асып түсіп, Еуроодақтың саудадағы бесінші ірі серігі болды.


Еуроодақтың ең ірі сауда серігі 308,6 миллиард евролық сауда айналымымен АҚШ болды.


АҚШ-тан кейін Қытай мен Швейцария келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар