Иран бюджетін үнемдеуге шешім қабылдады

Халыққа таратылған 15 долларлық өтемақы тізімі қысқарады.

312777
Иран бюджетін үнемдеуге шешім қабылдады

Мұнай бағаларының арзандауы және санкциялар себепті экономикасы әлсіреген Иран бюджетті үнемдейді.
Иран 5 жылдан бері азық-түлік және энергия саласында жасалған үнемдеулер себепті халқының көпшілігіне айына 15 доллардай өтемақы төлеуде.
Өткен айларда 1 миллион адам бұл өтемақы тізімінен шығарылған болатын.
4 миллионнан астам ирандық болса өз еркімен өтемақы сұранысынан бастартқан болатын.
Тегеран әкімшілігі қазір бұл тізімді кеңейтуді жоспарлайды.
Үкімет 22 тамыз күнінен бастап, жоғары табысы бар 1 миллион адамның тізімнен шығарылатынын білдірді.
Осылайша бюджет айына 30 миллион долларлық үнемдеу жасайды.
Үкімет өтемақы тізімінен шығарылғандар санының келесі наурыз айына дейін 6 миллионға жеткізуді нысанаға алып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар