Грекия премьер-министрі келісімге өзінің жауапты екенін айтты

Ципрас Еуроодақпен қол қойылған келісім жайлы еліндегі сындарға жауап қайтарды.

380984
Грекия премьер-министрі келісімге өзінің жауапты екенін айтты

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Еуроаймақпен қол қойылған келісімге өзінің жауапты екенін атап айтты.
Ципрас келісімнің барлық жауапкершілігін мойнына алды.
Грекияда Еуроодақпен қол қойылған келісімнің жаңғырықтары жалғасуда.
Премьер-министр Алексис Ципрас Грекия парламентіне ұсынылған және бекітуге тиісті келісімнің барлық жауапкершілігін мойынына алғанын білдірді.
Мемлекеттік арнаға сұхбат берген Ципрас келісімнің Грекияның Еуроаймақтан шығуының алдын алғанын және іске асырылу керектігін атап айтты.
Ципрас «Өзім сенбеген бір мәтінге қол қою жауапкершілігіне қоса, қателіктер мен назарымыздан қашқан барлық жауапкерлігін мойныма аламын. Дегенмен мұны жасауға міндеттімін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар