Еурокомиссия төрағасы Грекия үкіметін сынға алды

Юнкер Ципрастың альтернативті экономикалық реформаларды іске асыруда табыссыз екенін білдірді.

296307
Еурокомиссия төрағасы Грекия үкіметін сынға алды

Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер, Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың «уәде еткен» альтернативті экономикалық реформаларды іске асыруда табыссыз екенін атап айтты.
Германияда ұйымдастырылған үлкен жетілік саммитінде сөз алған Юнкер Ципрасты келіссөздердің осы апта жалғастырылуы үшін «жылдам» кейбір шаралар ұсынуға шақырды.
Ципрасты «бір дос» ретінде қабылдағанын дегенмен «өзінің бәрі бір кейбір ережелерге бағыну керектігін» айтқан Юнкер грек премьер-министрінің Еуроодақтың ұсыныстарын Мәжілісіне дұрыс түсіндірмегенін алға тартты.
Грекия IMF-ке төлеуге тиісті 300 миллион евролық қарызының жұма күні мерзімі толған бөлігін кейінге қалдырған болатын.
Қарызын төлей алмаған жағдайда Грекияның Еуроаймақтан шығу ықтималы уайымдары артты.
Еуропалық басшылар мен IMF, Грекияға берілген қаржы жәрдемін жасау үшін одан көп үнемдеу саясаты іске асырылуын талап етті.
Дегенмен Грекия үкіметі бүгінге дейін жаңа үнемдеу саясаттарын іске қосуды кері қайтарды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар