Ципрас Еурокомиссия басшыларымен Брюссельде бас қосты

Грекия үкіметінің экономикалық мәселелерге шешім ізденісі жалғасуда.

292695
Ципрас Еурокомиссия басшыларымен Брюссельде бас қосты

Грекия премьер-министрі Ципрас реформаларды қамтыған соңғы жоспардың Еуропаны көндірмегені жайлы мәлімдеменің артынан Брюссельге барды.
Еурокомиссия төрағасы Жан Клод-Юнкер, Еуроаймақ тобы төрағасы және Голландия Қаржы министрі Йерун Дейсселблуммен Брюссельде басқосқан Ципрас үмітті екенін атап айтты.
Ципрас қаржылық нысаналар тақырыбында келісімге жақын екендерін, несие берушілермен бірнеше күннің ішінде келісімді күткенін атап айтты.
Келіссөз барысында шынайы жалғыз ұсынысты Грекияның жасағанын атап көрсеткен Ципрас кейбір ұсыныстарды келіссөзге негіз ретінде қабылдай алмайтындарын және IMF-ке қарыздарды кері қайтару тақырыбында алаңдамау керектігін білдірді.
Еурокомиссиядан жасалған жазбаша мәлімдемеде болса «Жақсы және табысты бір кездесу болды. Әртүрлі ұсыныстарға қатысты бір-біріміздің ұстанымын түсіністік. Қайта жиналуға шешім қабылдадық. Келіссөздер тығыз жалғасады» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар