АҚШ әлемнің 5 үлкен банкін жазалауға үкім шығарды

АҚШ Әділет министрлігі және Орталық Банк (FED) банктерге берілген жазалар жайлы ортақ мәлімдеме жасады.

283276
АҚШ әлемнің 5 үлкен банкін жазалауға үкім шығарды

АҚШ Әділет министрлігі және Орталық Банк (FED) тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда әлемнің ең ірі банктері арасында орын алған Citigroup, JP Morgan Chase, Barclays, орталығы Швейцариядағы UBS пен Royal Bank of Scotland жаһандық шетел валютасы нарығында манипуляция жайлы айыптауларды мойындады.
Мәлімдемеде банктердің бақылаушы мекемелерге барлығы 5.6 миллиард доллар жаза төлейтіні жарияланды.
Банктердің күнделікті жұмыс көлемі 5 триллион доллардан асқан жаһандық шетел валютасы нарықтарында 2007-2013 жылдары арасында бір-бірімен жасырын түрде ынтымақтасып, валюта бағамын өз мүдделері бағытында манипуляция жасағаны атап көрсетілді.
АҚШ Әділет министрі Лорета Линч банктердің 2007 жылынан бері күн сайын электронды сұхбат бөлмелерінде валюта бағамдарын манипуляция жасағанын айтты.
Линч осы жағдайдың әлемнің көптеген жеріндегі сансыз тұтынушы, инвестор және мекемеге зиян келтіргенін мәлімдеді.
Басқа жағынан Bank of America бөлек бір тергеу аясында FED-ке 205 миллиард доллар келіссөз ақысы төлейді. Bank of America, АҚШ Әділет министрлігі ашқан тағы 5 банк туралы тергеу процесіне алынбады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар