ICCI 2015 көрмесі мен конференциясы Стамбұлда өтеді

Стамбұлда ертең басталады.

262267
ICCI 2015 көрмесі мен конференциясы Стамбұлда өтеді

Энергия саласының ең маңызды платформасы ретінде Халықаралық энергия мен қоршаған орта көрмесі және конференциясы (ICCI ), «Энергия өнеркәсібі саласының 21-ші жылдығы» тақырыбымен 3 күнге жалғасады.
Энергия және табиғи ресурстар министрлігі, Қоршаған орта және қала министрлігі мен Энергия нарығы реттеу мекемесінің (EPDK) қолдауымен жүзеге асатын ICCI 2015 - 21. Халықаралық Энергия мен қоршаған орта көрмесі және конференциясына 35 елден 400-ге жуық фирма қатысады.
Ашылу рәсіміне Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз қатысатын «ICCI-2015»-те 36 бөлек отырыста 200 баяндама жасалады.
Отырыстарда электр тарату саласы, жаңартыла алатын энергия инвестициялары, электр нарығы ережелері, күн энергиясы жүйелері, гидравлика күші, жылу электр станциялары, көмір өндірісі, ядролық энергия, жел энергиясы сияқты әртүрлі тақырыптар қолға алынады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар