Стамбулдан үш жаңа рейс

Түрік әуе жолдарының осы әуежайдан шетелге рейс саны жиырмаға жетті.

251535
Стамбулдан үш жаңа рейс

Түрік әуе жолдары Сабиха Гөкчен атындағы әуежайдан Рим, Штутгарт және Кельнге әуе рейсі ұшырады.


Осылайша Түрік әуе жолдарының Стамбулдағы осы әуежайдан шетелге рейс саны жиырмаға жетті.


Рим қаласына рейс аптаның жеті күні болады. Жолаушылар 111 евродан басталатын билет ақысымен ұша алады.


Кельнге аптаның бес күні, Штутгартқа болса дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері өзара ұшақ ұшады.


Кельн мен Штутгартқа билет ақысы 139 евродан басталады.


Түрік әуе жолдары және рейстер жөнінде толығырақ мәлімет www.turkishairlines.com адресінде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар