Атом стансасының іргетасы қаланды

Танер Йылдыз бен Росатом бас директоры Сергей Кириенко Аккую атом стансасының іргетасын қалады.

235585
Атом стансасының іргетасы қаланды

Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз бен Ресей Атомдық энергия компаниясы Росатом бас директоры Сергей Кириенко Түркияның ең ірі энергия жобасы Аккую атом стансасының іргетасын қалады.


Аккую атом стансасы - Түркияның 20 миллиард долларлық ең ірі энергия жобасы.  

Станса тек электр өндіруде ғана емес, өнеркәсіптенуде де маңызды рол ойнайды. Құрылыс барысында 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.


Әрқайсысы 1200 мегаватт күште 4 бөлімнен тұратын стансаның алғашқы реакторы 2019 жылы іске қосылады.


Станса Түркияның электр мұқтаждығын қамтитын болады. Аккую стансасының өмірі 60 жылдық болады.


Түркия мен Ресей Федерациясы арасында атом стансасы құрылысына байланысты алғашқы келісімге 2010 жылы қол қойылған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар