Түркия Азия инвестиция банкіне құрушы мүше болды

Осылайша банктың құрушы мүше саны 38 болды.

233542
Түркия Азия инвестиция банкіне құрушы мүше болды

Түркия Азия инвестиция банкіне құрушы мүше болды.


Түркия Қытайдың басшылығында құрылу жұмыстары жалғасып жатқан Азия инфрақұрылым инвестиция банкіне құрушы мүше ретінде қабылданды.


Бұл туралы хабарлама Қытайдың Қаржы министрлігінің интернет парақшасында жарияланды. Түркияның 26 наурыз күнгі өтініші қабылданды.


Азия инвестиция банкінің құрушы мүше саны осылайша 38 болды. Мүше елдер мыналар: Қытай, Франция, Германия, Бангладеш, Бруней, Камбоджа, Үндістан, Индонезия, Италия, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Лаос, Люксембург, Малайзия, Мальдив, Малта, Маңғолстан, Мьянма, Непал, Жаңа Зеландия, Оман, Пәкістан, Филиппиндер, Катар, Сауд Арабия, Сингапур, Шри-Ланка, Швейцария, Тәжікстан, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Өзбекстан, Вьетнам, Иран және Түркия.


Алғашқы капиталының 50 миллиард долларлық бөлігін Қытай беретін банкке елуден астам ел мүше болу үшін өтініш берді.


Осы елдердің 38-і құрушы мүше болды. Басқа елдердің өтініштері әлі қарастырылуда. Құрушы мүшелерге байланысты соңғы көрсеткіш 15 сәуір күні белгілі болады.
Банктың барлық капиталы 100 миллиард доллар болады. Ісін 2015 жылдың аяғына қарай бастайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар