Түркияның Еуроодақпен байланыстары

Министр Бозкыр Брюссельдегі жиналыста сөз сөйледі.

232239
Түркияның Еуроодақпен байланыстары

Еуропа одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр Кеден одағына байланысты үшінші елдермен жүргізілген еркін сауда келісімдерінің Түркияға тікелей әсер еткенін айтты.


«Америка Құрама Штаттарымен талқыланып жатқан еркін сауда келісімінде егер біздің жағдайымыз назарға алынбаса, кеден одағын қазіргі қалпымен жалғастыру мүмкін емес» деді ол.
Министр Бозкыр Брюссельде өткен Түркия-Еуроодақ аралас кеңестің 34-ші жиналысында сөз сөйледі.


Түркияның әсіресе энергия секторында Еуропа үшін маңызды ел екенін еске салған Бозкыр толық мүшелік жолында саяси кедергілердің жойылуын сұрады.


Түркия келіссөз үдерісінде жауапкершілігіндегі дайындықтарды атқарғанына қарамастан, саяси кедергілер салдарынан маңызды тақырыптарда келіссөз ашылмады.


Комитет жиналысында сөз сөйлеген кейбір мүшелер де «Түркиядан айрылып қалмау керек, үдерісті жылдамдату қажет» деген пікірлер білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар