Аймақтық дамудың ұлттық стратегиясы

Түркия Даму министрлігі жаңа стратегия жариялады.

280987
Аймақтық дамудың ұлттық стратегиясы

«Аймақтық дамудың ұлттық стратегиясы»


Түркия Даму министрлігі жаңа стратегия жариялады.


«Балансты қорғайтын, жаппай даму» түсінігімен дайындалған стратегия 2014-2023 кезеңін қамтиды.


Осыған қарағанда, аймақтық дамудың көрінісі «әлеуметтік-экономикалық және мекенмен бүтіндесіп, бәсеке күші мен молшылық деңгейі жоғары аймақтармен тең, жаппай дамыған Түркия» деп анықталды.


Аймақтық даму саясаты ұлттық басымдықтарға сәйкес, толықтыратын, мүмкіншілік теңдігі, тиімділік, ынтымақтастық және серіктестік, жан-жақты басқару, жергіліктілік принциптері аясында дайындалды.


Аймақтық дамуды жүзеге асыру үшін жалпы төмендегі мақсаттар назарға алынады:


- Аймақтық дамудың айырмашылықтары азайтылып, молшылықтың ел көлемінде тең таралымы
- Барлық аймақтардың әлеуетінің қолданылуы және бәсеке күшінің арттырылуы арқылы ұлттық дамуға үлес қосу
- Экономикалық және әлеуметтік тұтастықты нығайту
- Ел көлемінде теңгерімді қоныстану жүйесі қалыптастыру


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар