Зейбекчи Франкфурт қаласында

Зейбекчи «Түрік пен неміс бас қоссын» деді.

251146
Зейбекчи Франкфурт қаласында

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның әлемнің алдыңғы 10, Еуропаның да алдыңғы 3 үлкен экономикасының бірі болуды нысаналағанын және осы жолда ілгерілегенін айтты.
Нихат Зейбекчи Германияның Франкфурт қаласында Дойче Банк тарапынан ұйымдастырылған Түрік-Неміс экономикалық платформасында жасаған баяндамасында екі ел арасындағы 37 жарым миллиард долларлық сыртқы сауда көлемінің тіпті арттырылатынын айтты.
Түркияның соңғы 12 жылда арт артынан орташа есеппен 5 пайыз үлкейгенін меңзеген Зейбекчи келесі 10 жылда әр салада дамудың екі есе болатынын түсіндірді.
Зейбекчи «Түрік пен неміс бас қоссын. Бірге осы салада орайлардан пайдалансын» деді.
Жиналыс аясында ұйымдастырылған сессияда әйгілі түрік және неміс іскерлері өзара сауда ынтымақтастығын және осы салада қол жеткізген табыстардың маңызын баяндады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар