Грекияда үкімет қаржы реформасы бағдарламасын дайындады

Грекия үкіметі дайәындаған реформа пакетін Еуроаймақ қаржы министрлеріне ұсынады.

230099
Грекияда үкімет қаржы реформасы бағдарламасын дайындады

Грекияда үкімет қаржы бағдарламасын 4 айға ұзарту шартымен уәде еткені реформа пакетін бүгін Еуроаймақ қаржы министрлеріне ұсынады.
Пакетте үкімет ортағы Сириза партиясының Грекияның «гуманитарлық дағдарыс» ретінде атаған жағдайды шешуге бағытталған сөздері де бар.
Сириза кедейлерге тегін электр тарату үшін 60 миллион, азық-түлік жәрдемі үшін болса 750 миллион евро бөлуге уәде еткен болатын. Партияның әлеуметтік сақтандыруы жоқ жұмыссыздарға тегін денсаулық қызметі көрсетуі де уәделер арасында.
Пакет гуманитарлық дағдарысты шешуге бағытталған реформалардың түгеліне қоса, төленбеген салықтар мен банктерден алынған несиелердің кері қайтарылуын реттейтін ұсынысқа да орын береді.
Реформалар құрамында әділ салық жүйесінің орнатылуы, салықтан жалтару және кедейлікпен күрес, бюрократияны азайтып, мемлекеттік құрылымды қайта реттеу сияқты баптарда орын алады.
Евроаймақ қаржы министрлері Грекия талап еткен қарыз бағдарламасын 4 айға созған болатын.
Реформалау тізімі қабылданбаған жағдайда келісім бұзылды деген мағынаға келеді. Егер келісім бұзылатын болса Грекияның Евроаймақтан бастарту қаупі ортаға шығады.
Аталмыш тізім Еурокомиссия, Еуропа Орталық Банкі және Халықаралық Валюта қоры IMF тарапынан талқыланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар