Грекия мен Евроаймақ елдері арасындағы дағдарыс жалғасуда

Сириза үкіметінің Брюссельдегі келіссөздерінен нәтиже шықпады.

217192
Грекия мен Евроаймақ елдері арасындағы дағдарыс жалғасуда

Грекияда үнемдеу саясаттарына қарсы уәделерімен билікке келген Сириза үкіметінің Брюссельде Евроаймақтың 19 қаржы министрімен өткен келіссөздерінен нәтиже шықпады.
Грекия Қаржы министрі Янис Вароуфакистің байланыстары жалғасқан уақытта Грекияның Афины үкіметіне қолдау үшін жиналған мыңдаған адам үнемдеу саясатына қарсы ұрандар тастады.
Сириза үкіметі IMF, Еурокомиссиясы және Еуропа Орталық Банкі үштігі берген кезең және осы айдың аяғында аяқталатын құтқару пакеті бағдарламасына өзгеріс енгізілуін талап етеді.
Осы реттеулер арасында ең төменгі еңбек ақының арттырылуына қоса, үй салығын қысқартудың жолы мен үнемдеу саясатының 30 пайызын жою және қарыз алмасу бағдарламасы бар.
Германияның басшылығындағы Евроаймақ мемлекеттері болса үнемдеу саясаттарынан бастартпай іске асырылуын талап етеді.
Тараптар дүйсенбі күні Брюссельде тақырыпты қайта қолға алады.
Айдың соңынан бастап, келісім жасалмаған жағдайда Грекия қарыздарын төлей алмайтын жағдайда болады және Евроаймақтан шығарылуы күн тәртібіне келеді.
Реформалар тақырыбында уақыт ұту үшін қыркүйек айына дейін жеткілікті қаржыға мұқтаж Сириза үкіметі қарыз табу үшін Экономикалық Ынтымақтастық және Өркендеу ұйымы (ЕЫӨҰ), Қытай және Ресеймен де кездесу жоспарлайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар