«Коруган» атты өнім әлемге тарайды

«Коруган» атты компьютер бағдарламасы әлемге таралуға дайын.

178890
«Коруган» атты өнім әлемге тарайды

Толыққанды түрік өнімі «Коруган» атты компьютер бағдарламасы әлемге таралуға дайын.
Қауіпті шабуылға қарсы дамытылған компьютер бағдарламасы «Коруган»-ның таныстырылу жиналысы Орташығыс техникалық университетінде өтті.
Жиналысқа қатысқан Экономика министрі Нихат Зейбекчи инженерлердің табысына тоқталып, «Ғылым өндірілсе ғана мықты ел қатарынан орын алуға болады» деді.
Жүздеген компьютерді бірдей сәтте қолданыла алатын «Коруган» 15 түрік инженерінің 18 айлық еңбегінің жемісі болып табылады.
Мемлекет, жеке сектор және университет серіктестігімен өндірілген «Коруган» толыққанды түрік өнімі болу ерекшелігіне ие.
Интернет қауіпсіздігін сақтаған «Коруган» алдымен технология лидері Германияға экспорт етіледі.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар