Сауда кеңесшілері Анкарада жиналды

Әлемнің көптеген елінен келген сауда кеңесшілері Анкарада бас қосты.

176984
Сауда кеңесшілері Анкарада жиналды

Конференцияда Түркияның шетелмен болған саудасымен байланысты тақырыптар қолға алынды.
Биылғы 3-ші мәрте ұйымдастырылған Сауда кеңесшілері конференциясына Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыз бағасы түскен мұнайдың, мұнай тұтынушылар тұрғысынан 950 миллиард доллар пайда көру мағынасында екенін айтты.
Конференцияда Өркендеу министрі Жевдет Йылмаз да Түркияның экспорттағы табысына назар аударды.
Министр Йылмаз «Аймағымызда өте маңызды геологиялық қауіп төнген бір кезеңде экспортта тағы жақсы перформанс көрсеттік» деді.
Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик те мәдени дипломатияның саяси және экономикалық қатынастардың дамуына үлес қосатынын дәріптеп «Өте табысты мәдени іс-шаралар ұйымдастырдық. Өткен жылы туристтер ең көп келген елдің қатарында 6-шы орын иеледік» деді.
Экономика министрі Нихат Зейбекчи де Сыртқы экономикалық қарым-қатынастар кеңесі ұйымдастырған қонақасында сауда кеңесшілерімен бас қосты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар