Кеме және яхта экспорты 1,3 миллиард долларға жетті

Түркияның кеме және яхта секторының экспорты 1 миллиард 281 миллион долларға көтерілді.

169970
Кеме және яхта экспорты 1,3 миллиард долларға жетті

Түркия Экспортшылар мәжілісінің тіркеу көрсеткіштері бойынша кеме және яхта секторының экспорты 2014 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,1 пайыздық артумен 1 миллиард 281 миллион долларға көтерілді.
Сектордың жалпы экспортын 72,12 пайызын Стамбул, 18,8 пайызын болса Ялова қамтамасыз етті. Өткен жылы ең көп сектор экспорты болса, 224 миллион 502 мың доллармен Скандинав елдерінен Норвегияға жасалды.
Осы елден кейін 164 миллион 600 доллармен Маршал аралдары орын алды.
Түркия сонымен қатар Ирак, Малта, Германия, Италия, Панама, Сауд Арабиясы, Голландия, Бразилия, Дания, Сингапур, АҚШ және Түрікменстанға кеме және яхта экспортын жүзеге асырды.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар