Вице-премьер Бабажан Мәжілісте Түркия экономикасын бағаландырды

Бабажан Түркия экономикасының 2015 жылы да өсетінін атап айтты.

157057
Вице-премьер Бабажан Мәжілісте Түркия экономикасын бағаландырды

Бабажан «Әлем экономикасы дағдарысты бір кезеңнен өтіп жатқанда, Түркия экономикасы өсуін жалғастырамыз» деді.
Вице-премьер Али Бабажан 2015 жылы бюджеті бағаландырылған ТҰҰМ Жалпы Кеңесінде үкімет атынан жасаған баяндамасында биліктегі кезең бойынша дайындағандары бюджетті табысты түрде іске асырғандарын атап айтты.
Бабажан бүкіл әлемде экономикалық және қаржы дағдарысын қатты сезінген 2009 жылы үкіметтің «уақытында және өте жақсы анықталған» шараларды іске қосқанын атап көрсетті.
Жекешелендіруден бастап, оқу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қауіпсіздік сияқты салаларда құрылымдық реформаларды кезінде жүзеге асырғандарын түсіндірген Бабажан «Мықты мекемелік қаржыландыру, мықты банк жүйесі бізді 2008-2009 жылдары арасындағы жаһандық дағдарыстан сақтады» деді.
Жаһандық дағдарыстың 1920 жылдардан бері әлем сынаған ең үлкен қаржы және экономикалық дағдарыс екенін айтқан Бабажан дағдарыстың барлық елдерге түсірген шығынының 2-ші Дүниежүзілік соғыстың шығынынан әлде қайда жоғары екенін атап көрсетті.
Мұндай бір ортада Түркия экономикасының өскеніне және жұмыс өндірісін жалғастырғанына назар аударған Бабажан «Экономикалық шарттар бір қалыпты емес. Әлем экономикасының шарттары шайқалысты. Түркия экономикасының өсуін жалғастырамыз» деді.
Түркияның тұңғыш рет IMF-де несие берген және басқарушы ел категориясына өткенін атап көрсеткен Бабажан 2015 жылының 2014 жылымен салыстырғанда әр тұрғыдан одан жақсы бір жыл болатынын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар