ТҰҰМ-де 2015 жылы бюджетін бекіту келіссөздері басталды

Қаржы министрі Мехмет Шимшек өткен жылдың бағаландыруын жасады.

144706
ТҰҰМ-де 2015 жылы бюджетін бекіту келіссөздері басталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Мәжіліс Жалпы кеңесінде 13 күн бойынша үздіксіз жалғасатын 2015 жылғы бюджетті бекіту келіссөздері кеше Қаржы министрі Мехмет Шимшектің ашылу баяндамасымен басталды.
Қаржы министрі Шимшек «2015 жылы бюджеті күнделікті саясат уайымдарынан асқан, еліміздің ұзақ мерзімді келешегі назарға алынып дайындалған бір бюджет. Осы бюджет қонақтарымызға, босқындарға және мұқтаждарды да қамтыған бір бюджет болып табылады» деді.
Түркия экономикасының өркендеу көрсеткіштерін де бағаландырған Шимшек «2013 жылы нысанаға алғанымыздай 4,1 пайыз өскен Түркия экономикасының 2014 жылы сәл де болса азайып, 3,3 пайызға өсетінін болжаймыз» деді.
Шимшек алдағы кезеңде тұрақтылықпен жалғастыратындары қаржы дисциплинасы және инфляциямен күресте күшімізді арттыруды, үнемдеу шараларын арттырып, бюджет тапшылығын азайтуды, құрылымдық реформалар үшін қажетті қаржы көзін қамтамасыз етуді нысанаға алғандарын білдірді.
Министр Шимшек бюджет тапшылығымен байланысты мағлұмат беріп, 2013 жылы 65 миллиард доллар бюджет кемшілігінің 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, 12 айлық мерзімде 46,7 миллиард долларға төмендегеніне назар аударды.
Әділет және өркендеу партиясы үкіметтерінің жұмыспен қамтамасыз ету саясаттарын іске асырғандарын және жұмыспен қамтамасыз етуде табысқа жеткендерін тілге тиек еткен Шимшек IMF көрсеткіштеріне қарағанда жаһандық дағдарыстан кейінгі кезеңде Түркияның жылына орташа жұмыспен қамдауының 3,6 пайызға артқанын, Сингапурдың артынан әлемде екінші орын алғанын білдірді.
Соңғы бір жылда шамамен 1,3 миллион адамды қосымша жұмыспен қамдағандарын атап көрсеткен Шимшек жұмыспен қамтамасыз ету күшінің артқанына қарамастан жұмыссыздық мөлшерін соңғы кезеңде жұмыс күшіне қосылудағы себеппен салыстырғанда артқанын және 10 пайыздан асқанын еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар