Түркияның "2014 Өркендеу жәрдемдері" жарияланды

Түркия Әлем халықаралық жәрдем тізімінде бірінші орынға көтерілді.

139609
Түркияның "2014 Өркендеу жәрдемдері" жарияланды

Түркия 2013 жылы әлем бойынша ресми жолдан және азаматтық қоғам мекемелері арқылы жеткізген 4 миллиард 347 миллион долларлық жәрдеммен ұлттық табысы тұрғысынан ең көп халықаралық гуманитарлық жәрдем жасаған елі аталды.
Түрік Ынтымақтастық және координация агенттігі басқармасы (ТИКА) тарапынан дайындалған Түркияның өркендеу жәрдемдері 2013 рапорты бойынша аймақтық таралу тұрғысынан 2013 жылы өркендеу ынтымақтастығы жобаларының 55.9 пайызы Орташығыс, 24.7 пайызы Африка, 15.3 пайызы Оңтүстік және Орталық Азияда, 3.1 пайызы болса Балкан және Шығыс Еуропа мемлекеттерінде жүзеге асты. Түркия 2013 жылы Ауғанстаннан Йеменге, Гаитиден Филиппиндерге дейін 120 мемлекетке жәрдем қолын созды.
Түркияның ең көп жәрдем жасаған алғашқы үш мемлекет арасында Сирия, Мысыр және Қырғызстан орын алды. Түркияның жәрдемдерін ең көп пайдаланған мемлекеттер арасында Сомали, Ауғанстан, Палестина, Пәкістан, Қазақстан, Тунис және Әзірбайжан келеді.
Рапортқа қарағанда 2013 жылы ең көп халықаралық жәрдем жасаған мемлекеттер тізімінде болса Түркия, АҚШ және Ұлыбританияның артынан үшінші орын алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар