Fitch – тен Түркияға жақсы хабар

Оңтүстік ағым табиғи газ құбыр желісінің Түркияға бағытталуы Түркия үшін оң қадам деп аталды.

138226
Fitch – тен Түркияға жақсы хабар

Ресейдің Оңтүстік ағымтабиғи газ құбыр желісін Түркияға бағыттайтыны Түркия үшін оң қадам деп аталды.


Халықаралық несие дәрежелендіру ұйымы Fitch Ratings-тің хабарламасында «Жаңа оңтүстік ағым жылына шамамен 63 миллиард текше метр әлеуетімен Түркияға бағытталады. Осы газ Грекия мен Италияға сатылуы мүмкін. Бұл маңызды трансфер елі болуына орай Түркия үшін оң қадам» деп айтылды.


Хабарламада, Ресей мен Түркия арасындағы келісімде 63 миллиард текше метрлік газдың шамамен 14 миллиард текше метрлік бөлімінің Түркияның ішкі тұтынуы үшін бөлінетіні айтылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар