Украина мен Ресей келісті

Екі ел табиғи газ келісіміне қол қойды.

175899
Украина мен Ресей келісті

Украина мен Ресей табиғи газ тақырыбында келісті.


Тараптар қыс маусымында Украинаға үздіксіз табиғи газ айдауға мүмкіндік беретін келісімге Брюссельде Еуропа Одағының алдында қол қойды.


Еуропа Одағы комиссиясы төрағасы Джан Клод Джанкер келісімді «енді еуропалықтар қорқатын себеп қалмады» деп бағалады.


Келісімге орай Киев әкімшілігі келесі жылдан бастап табиғи газдың мың текше метріне 365 доллар береді.


Украина айырықша Ресейге деген табиғи газ қарызының 1 миллиард 450 миллион долларын дереу төлейді. Киев жылдың аяғына дейін Мәскеу әкімшілігіне тағы 1 миллиард 650 миллион доллар төлейді.


Осы қарыздарды төлеу үшін Еуропа Одағы Украинаға несие береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар