Азия экономикалары бас көтеріп келеді

Қытай мен Азиядағы 21 ел ортақ банк құруға бел байлады.

172322
Азия экономикалары бас көтеріп келеді

Қытай мен Азиядағы 21 ел Әлемдік банкке балама ретінде аталған бастамаға қол қойып, ортақ банк құруға бел байлады.


Вашингтон әкімшілігі аталмыш банктің құрылуына қарсы шығып отыр еді.


Азиялық инфрақұрылымды инвестициялау банкі үшін Қытайдың астанасы Пекинде Азиядағы жиырма екі ел келісімге келді.


Қытай мен Үндістан сынды құрлықтың алдыңғы қатарлы жаһандық күштерімен бірге кішігірім экономикасы бар елдерді де қамтыған банктің мақсаты Азия құрлығында автожолдар, теміржолдар, энергия базалары және коммуникация желілерінің құрылысы үшін қаржы қамдау деп мәлімденді.


Ашық мақсаты Азия құрлығында инфрақұрылымға инвестицияларды ынталандыру болып көрінсе де, негізгі нысанасы аймақта батыстық экономикалардың жаһандық билігін азайту.


Америка әкімшілігі "қажеті жоқ бастама" деп атаған банкке Вашингтонның құрлықтағы одақтастары Жапония, Оңтүстік Корея және Аустралия қосылмады.


Азиялық инфрақұрылымды инвестициялау банкі алғашқы сатыда көпшілігін Қытай қамдаған елу миллиард доллармен ісін бастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар