184 мың көлікті қайта шақырды

Көліктердегі ақаулар тегін жөнделеді.

157988
184 мың көлікті қайта шақырды

Американдық автомобиль өндірушісі Chrysler 184 мың 215 дана спорттық көлігін электр жүйесіндегі қатеге байланысты кері шақырды.


Корпорацияның мәлімдемесінде, кері шақырылған көліктердің электр жүйесінде анықталған қатенің қауіпсіздік жастығы мен қауіпсіздік белдігіне әсер ететіні айтылды.


Chrysler корпорациясы кері шақыруға себеп болған қатенің қазірге дейін ешбір апат пен жарақатқа жол ашпағанын да білдірді.


Мәлімдемеге қарағанда, көбіне АҚШ, Канада және Мексикадағы көлік иелеріне бағытталған шақыру 2014 жылғы Dodge Durango және Jeep Grand Cherokee модельдерін де қамтиды.


Көліктердегі ақаулар тегін жөнделеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар