Қытай Түркияға 'еркін сауда' ұсынысы жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қытайлық әріптесімен бас қосты.

141952
Қытай Түркияға 'еркін сауда' ұсынысы жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас ассамблеясы жұмыстары аясында дипломатиялық қарым-қатынастарын жалғастыруда.
Чавушоғлу Қытай Сыртқы істер министрі Ванг Йимен бас қосты. Кездесуде екі жақты және аймақтық ынтымақтастық қолға алынды.
Кездесудің артынан жасалған мәлімдемеде Қытайдың Түркиямен ортақ сауда келісіміне қол қоюдың пайда түсіретінін жеткізгенін тілге тиек етті.
Кездесу барысында Қытай делегациясының президент Режеп Таип Ердоғанды Қытайға шақырғаны да атап көрсетілді.
Кездесуде сондай-ақ екі жақты сауданың арттырылуы тақырыбының қолға алынғаны және Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі үміткерлігі тақырыбында Қытайдың қолдауын сұрағаны білдірілді.
Сондай-ақ екі ел арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту талап етілді.
Жүрдек пойыз жобасы жайлы көзқарас алмасылды.
БҰҰ мен БҰҰ мекемелері арасында ынтымақтастықты дамыту тақырыбының күн тәртібіне келгені, Қорғаныс және атом энергиясы тақырыптарында ынтымақтастықтың маңызына назар аударылғаны да мәлімденді.
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу байланыстары аясында Лаос, Гватемала, Коста-Рика, Сингапур, Ауғанстан, Эритрея және Пәкістан Сыртқы істер министрлерімен де бас қосты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар