Түркия-Ирак шекарасына 4 жаңа қақпа ашылады

Кеден және Сауда министрі Нуреттин Джаникли Ирак делегациясын қабылдады.

136928
Түркия-Ирак шекарасына 4 жаңа қақпа ашылады

Кеден және Сауда министрі Нуреттин Джаникли Иракпен экономикалық ынтымақтастық деңгейінің арттырылуы үшін Түркия-Ирак шекарасына төрт жаңа есік ашылатынын білдірді.
Нуреттин Джаникли Ирак Сауда палаталары федерациясы төрағасы Джафер Расул Эл-Хамадани және қасындағы делегацияны қабылдады.
Джаникли қабылдауда Түркия-Ирак арасындағы Хабур шекара қақпасына қосымша жаңа қақпалардың ашылуы жайлы келіссөздердің жалғасқанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар