Әлемдік банктен Ливанға көмек

Көпжақты қор Ливанда бір жоба бастады.

124625
Әлемдік банктен Ливанға көмек

Көпжақты қор сириялық босқындар бас сауғалаған елдерге көмек аясында Ливанда бір жоба бастады.


Жобаның ресми беташары кеше астана Бейруттағы Қаржы министрлігінде болып өтті.


Ливанның Қаржы министрі Али Хасан Халил елінің босқындарға деген жауапкершілігін орындауын жалғастыратынын айтты. Оның айтуынша бұл көмек қажетті мұқтаждықтың тек бір бөлімін қамдайды.


Әлемдік банктің Таяу Шығыс басқармасының директоры Ферид Билхак та Ливанға көмектесу үшін халықаралық қоғамның нақты қадам басуы керектігін білдірді. «Ливан өзінен туындамаған осыншама зор дағдарысты жалғыз өзі шеше алмайды» деді ол.


Артынан Билхак Көпжақты қор аясында Францияның Бейруттағы өкілетті елшісімен бір келісімге қол қойды. Келісімге орай, Франция қорға 10 миллион АҚШ доллары бағыш береді.


Әлемдік банктің аталмыш қорына қазірге дейін 30 миллион доллар жиналған.


Әлемдік банктің болжамына сәйкес, Ливанға елге келген сириялық босқындардың мұқтаждықтарын қамдау және дағдарыспен күресу үшін шамамен 1 миллиард 600 миллион доллар қажет.


БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының деректеріне қарағанда, Ливандағы сириялық босқын саны 1 миллион 200 мыңнан асты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар