Әуежолында жолаушы саны артуда

2014 жылдың алғашқы сегіз айында Түркия көлемінде 110 миллион адам әуежолын қолданды.

117339
Әуежолында жолаушы саны артуда

Мемлекеттік әуе жайлар басқармасы 2014 жылы тамыз айының статистикалық деректерін жариялады.


Осыған орай 2014 жылдың алғашқы сегіз айында Түркия көлемінде 110 миллион адам әуежолын қолданды.


Осы деректерге қарағанда, тамыз айында қызмет алған жолаушы саны өткен жылға қарағанда 11 пайыз артып, 19 миллион 107 мың 803 болды.


Осы кезеңде Түркия көлемінде сыртқы желі жолаушы қатынасының 46 пайызын Стамбул Ататүрік әуежайы, 29 пайызын да Анталия әуежайы қамдады.


Түркия көлемінде жолаушы қатынасының 51 пайызы ішкі желіде жүзеге асты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар