Туризм маусымы жанды өтіп жатыр

5 миллионнан астам туристің көбі Анталия, Стамбұл және Мугла қалаларын тамашалады.

102867
Туризм маусымы жанды өтіп жатыр

Туризмдегі даму қуанышты арттыруда.
Шілде айында шетелдік туристер саны шыңға шықты.
Мәдениет пен туризм министрі Өмер Челик шілде айындағы туризм санды мәліметтерін жариялады.
Шілде айындағы туризм санағына қарағанда шетелдік туристер саны 13.52 пайыз артқан.
Министр Челик 2013 жылдың шілде айында 4 миллион 593 мың 511 кісі болған зияратшы саны 2014 жылы шілде айында 5 миллион 214 мың 519 адамға көбейгенін білдірді.
Шетелдік зияратшылардың 15.45 пайызын құраған орыс туристтер тізімде бірінші орынды иеледі. Немістер 733 мың 862 зияратшы санымен екінші орынды алса, ағылшын туристер 423 мың 226 зияратшы санымен үшінші орынды иеледі.
Шетелдік зияратшылардың ең көп барған мекендері арасында Анталия, Стамбұл және Мугла қалалары алдыңғы үш орынды ешкімге бермеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар