Еуроодақтың мемлекеттік борышы артуда

Ең көп борышы бар ел – Грекия

67243
Еуроодақтың мемлекеттік борышы артуда

Экономикалық дағдарыстар шығу жолын іздеп жатқан Еуроодақ әлі борыштан құтыла алатын емес.
Соңғы мәліметтерге қарағанда 2014-жылдың алғашқы ширегінде Еуроодақ пен еуро аймағының мемлекеттік борышының өсуі тоқтамады.
Грекия борыш мөлшері жағынан бірінші орында болса, соңғы орында Эстония орын алды.
Еуроодақ статистика ұйымының мәліметтеріне қарағанда 18 елден құралатын еуро аймағында мемлекеттік қарыз ұлттық кіріске шаққанда алғашқы 3 айда 94 пайызға жетті.
Бұл 28 мүшесі бар Еуроодақта жалпы алғанда 88 пайыз болып отыр.
Дағдарыс ең көп сезілген еуро аймағында жалпы мемлекеттік борыш жылдың алғашқы ширегінде 150 миллион еуро артып, 9 триллион еуродан асып кетті.
Борыш мөлшері жағынан бірінші орындағы Грекиядан кейінгі орындарда Италия мен Португалия бар.
Эстония, Болгария мен Люксембург мемлекеттік борыш мөлшері ең аз елдер.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар