Кадиллак шамамен 15 мың көлікті қайта жинап жатыр

Себеп ретінде ақауы бар оталдыру кілттері көрсетілді.

121674
Кадиллак шамамен 15 мың көлікті қайта жинап жатыр

Америка автомобиль бренді Кадиллактың Қытайдағы өндірушісі Shanghai GM 14 мың 593 көлікті қайта шақыруда. Себеп ретінде ақауы бар оталдыру кілттері көрсетілді.


Кері шақыру 2004 жылдың 25 тамыз күні мен 2008 жылғы 4 қыркүйек арасында өндірілген Cadillac SRX моделі мен 2004 жылғы 23 наурыз күні мен 2012 жылғы 21 тамыз күндері арасында өндірілген CTS көліктерін қамтиды.


Қате дизайн себебімен жүргізушінің қолы тиіп кетсе, кілттің күтпеген бағытқа айналып кетуі мүмкін деп айтылуда. Компания 31 тамыздан бастап көліктерді шақырады және ақауы бар бөлшектерді тегін алмастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар