Сыртқы саудадағы жетіспеушілік 7 миллиард 108 миллион доллар

Мамыр айында экспорт 3,6 пайыз артса, импорт 10,3 пайыз деңгейінде азайды

111896
Сыртқы саудадағы жетіспеушілік 7 миллиард 108 миллион доллар

Түркияның сыртқы сауда кемшілігі 7 миллиард 108 миллион долларға төмендеді.
Түркия Статистикалық мекемесі мен Кеден және сауда министрлігі ынтымақтастығымен құрылған уақытша сыртқы сауда көрсеткіштері жарияланды.
Осыған қарағанда экспорт мамыр айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 3,6 пайыз артып, 13 миллиард 750 миллион долларға көтерілді.
Импортта болса 10,3 пайыз азайып, 20 миллиард 859 миллион доллар болып жүзеге асты.
Басқа жағынан сыртқы саудадағы кемшілікте жабыла бастады.
Мамыр айында сыртқы сауда кемшілігі 28,7 пайыз азайып, 7 миллиард 108 миллион долларға азайды.
Еуропа Одағына экспорт 16 пайыз артты. Үздік экспорт жасалған ел Германия болса импортта алғашқы кезекті Қытай алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар