Иракпен энергия келісімі жалғасады

Энергия және табиғи байлықтар министрі Танер Йылдыз Иракпен жасалған энергия келісімдерінің жалғасатынын айтты.

109323
Иракпен энергия келісімі жалғасады

Энергия және табиғи байлықтар министрі Танер Йылдыз Иракпен жасалған энергия келісімдерінің жалғастырылатынын білдірді.
Стамбұлда журналистердің сұрақтарына жауап берген Танер Йылдыз аймақтағы жағдайдың оңалуымен бірге Ирактан табиғи газ тасымалының Түркиядағы бағаларды төмендететінін айтты.
Танер Йылдыз «Біздің жасасқан келісімдерімізді жалғастыруға болатынын айтқан едім. Бағдатпен және Ербилмен жасалған келісімдердің Иракқа қосатын есесінен сөз қозғадық. Мұнай қаласа Басрадан, қаласа солтүстіктен, батыстан, шығыстан келсін, біз барлығын Ирак мұнайы деп есептейміз. Алдағы кезеңдерде Бағдат, Ербил және басқа аймақтар арасындағы бөлісті бірлікте талқылаймыз» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар