Түркия мен БҰҰ өркендеу келісімін жасасты

Түркия мен БҰҰ ТМД үшін 15 миллион долларлық ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

102040
Түркия мен БҰҰ өркендеу келісімін жасасты

Түркия УНДП арасында келісім жасалды.
Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркендеу бағдарламасы УНДП-мен бірге Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы аймағының өркендеуі үшін 5 жылдық уақытпен 15 миллион долларлық ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Келісімге Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркендеу бағдарламасы УНДП төрағасы Элен Кларк пен Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ кеше Стамбұлда қол қойды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркендеу бағдарламасының аймақтық бөлімшесі жақында Стамбұлда ашылады.
Ахмет Дауытоғлұ Стамбұлда жасалатын үшінші әуежайдың ірге тасының қалануымен қаланың әлемдегі ең маңызды орталықтардың біріне айналатынына назар аударды.
Дауытоғлұ «Стамбұлда орталықтары бар халықаралық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де бұл өте маңызды орай болмақ» деді.
Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ қол қою мерәсімінен кейін ТИКА мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркендеу бағдарламасы УНДП ортақ ұйымдастырған Халықаралық Өркендеу ынтымақтастық конференциясына қатысты.
Дауытоғлұ конференциядағы баяндамасында Түркияның сыртқы саясат стратегиясының негізгі тұлғасын өркендеу жәрдемдері қалыптастыратынын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар