«Оңтүстік ағым» табиғи газ жобасы уақытша тоқтатылды

Болгария жобаның құрылысын тоқтатуға шешім қабылдады

87414
«Оңтүстік ағым» табиғи газ жобасы уақытша тоқтатылды


Болгария Еуропа комиссиясының ескертуіне орай «Оңтүстік ағым» табиғи газ жобасын уақытша тоқтатты.
Болгария премьер-министрі Пламен Орешарски Еуропа комиссиясы мен өз мемлекеті арасындағы мәселе нақты шешім тапқанға дейін жобаның кейінге қалдырылғанын және құрылыс жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді.
Пламен Орешарски «Еуропа комиссиямен келіссөздер жүріп жатқан кезде «Оңтүстік ағым» жобасының құрылысының басталуына орай барлық жұмыстардың тоқтатылуына бұйрық бердім. Келіссөздердің барысына орай келешекте нақты шешім қабылдайтын боламыз» деді.
Еуропа комиссиясы Болгария үкіметінен Еуроодақ заңдарына қайшы келіп, келмейтіні туралы шешім әлі қабылданбағандықтан «Оңтүстік ағым» табиғи газ жобасының тоқтатылуын талап еткен болатын, бірақ коалицияның ең үлкен әріптесі Болгар социалистік партиясы бұл талапқа құлақ аспаған еді.
Еуропа комиссиясы 3 маусымда Болгарияға заңды бұзып отырғандарын білдіріп, жобаға байланысты құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар