Түркия стипендиялары-3

Түркияға келгеннен кейін не істеу керектігін үйреніп білейік.

389837
Түркия стипендиялары-3

Бізде әлемді өзгертетін, оны тамаша жерге айналдыратын батылдық бар.
Сіздер де білесіздер. Екі аптадан бері бағдарламамызда Түркия стипендиясы отбасының мүшесі болуға лайықты деп табылған достарымызға қажетті деректерді беріп келдік. Бүгін де осы тақырыпты жалғастырамыз.
Түркияға келгеннен кейін не істеу керектігін үйреніп білейік.
**
Әуежайынан тұратын жеріңізге бару:
Стамбулдағы Ататүрік атындағы немесе Анкарадағы Есенбоға әуежайына келгенде төлқұжат бақылау пунктынан шыққаннан кейін сізге қызмет беретін Түркия стипендиялары қарсы алу үстелін көресіздер. Қарсы алу үстеліндегі қызметкерлер сіздерге баратын жеріңізге дейін көмектеседі.
Ішкі желі арқылы оқитын қаласына баратын студенттер егер баратындары кедені бар әуежайы болса жүгін алмастан, егер кеденсіз әуежайы болса жүгін алып, ішкі желілер терминаліне баруы тиіс.
Стамбул мен Анкараға жақын қалаларға болса автобуспен барылады. Әуежайынан автобус терминалы немесе автовокзалға егер мүмкіндік болса қарсы алу комитеті тарапынан қамдалған көлікпен, егер болмаса өз мүмкіндіктеріңізбен барасыз.
Жатақханаларға орналасу және тіркеу:
Оқитын қалаға барған кезде сізге білдірілген жатақхана адресіне барыңыз. Қызметкерлерге шақыру хаты мен жатақханаға орналастыру құжатын көрсетіп, тіркеліңіз.
Жатақханаға тіркелген кезде алдымен төлқұжат көшірмесі және бес дана сурет керек болады. Университетке тіркелгеннен кейін студенттік құжатты да жатақхана директорына тапсыру керек.
Түркия стипендиялары аясында жатақханада тұратын студенттерден ешбір ақы алынбайды. Олар жатақханада тегін тұрады.
Сізге білдірілген жатақханаға уақытында тіркелмесеңіз немесе жатақханалардан шықсаңыз сізге екінші рет тегін жатақхана берілмейді.
Жатақханаларда тұрған кезде жатақхана ережелерін орындау керектігін де ескертіп қоялық.
**
Университетке тіркелу:
Жатақхана істерін аяқтағаннан кейін университеттің халықаралық студент кеңсесі немесе ректоратқа қарасты студенттік істер кеңсесіне барып, тіркелуіңіз керек.
Университетке тіркелу үшін қажетті құжаттар төмендегідей:
Соңғы рет бітіріп шыққан білім ордасынан алынған ресми түрде бекітілген баға тізімі.
Бакалавр студенттері үшін аттестат.
Студенттік визасы бар төлқұжаттың түпнұсқасы мен жеке куәлік пен өтімділігін көрсететін парақшаларының көшірмесі.
Университет талап еткен жағдайда халықаралық өтімділігі бар Шет тілі құжаты.
Университет талап еткен жағдайда ұлттық немесе халықаралық емтихан қорытынды құжаты.
Егер болса Түрік тілі біліктілік құжаты.
Соңғы алты айда түскен 8 жаңа сурет.
Ұмытпаңыздар. Тіркелу кезінде диплом және баға тізімінің түпнұсқасымен бірге түрік тіліне аудармасы да қасыңызда болсын. Егер осы құжаттардың аудармасы Түркия Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің бірінде бекітілмеген болса Түркиядағы нотариустарда ақылы істетуге болады.
**
Түрік тілі дайындық курсына тіркелу:
Түркия стипендиялары аясында әрбір студенттің С1 деңгейінде түрік тілі сертификатына ие болуы керек. Егер түрік тілін білетін болсаңыз және біліктілік құжаты университет қабылдайтын бір Түрік тілі үйрету орталығынан алынған болса университеттегі оқуға тікелей бастайсыз.
Түрік тілін біліп, бірақ құжатыңыз болмаса, жарияланған күндері университеттің Түрік тілі үйрету орталығында өтетін емтиханға кіруге болады.
Түрік тілін білмейтін немесе жеткілікті деңгейдегі сертификаты жоқ студенттер болса Түркия стипендиясы жүйесі парақшасында білдірілген Түрік тілі үйрету орталығына тіркелуі керек.
8 айлық түрік тілі курсы бойынша сабақтарға кіріп, сізге берілген бағдарламаға бағынсаңыз табысты боласыз. Оқу жылының аяғында С1 деңгейінде қорытынды алсаңыз, құжатыңызды қатысты органдарға табыс етуіңіз керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар