Газиосманпаша Университеті

Газиосманпаша Университетінде Эразмус, Мәулана және Фараби студент алмасу бағдарламалары жүргізіледі.

367064
Газиосманпаша Университеті

«Дунай өзені ақпаймын дейді
Төңіректі қиратпаймын дейді.
Даңқты Осман паша
Плевеннен шықпаймын дейді.
Қылышын ұрды тасқа,
Тас жарылды ортасынан.
Даңқты Осман паша
Әскеріңмен мың жаса!»
**
Жаз маусымы басталған осы күндері сіздерге ыстық сүйіспеншілік жолдаймыз.
Халықаралық білім сапарымыз бар қарқынымен жалғасуда.
Бүгін «Білім көкжиегінде» атты бағдарламамызды Осман паша ән ұранының сөздерімен бастадық. Себебі бүгін есімін осы тарихи қолбасшыдан алған Газиосманпаша Университетіне барамыз.
**
Газиосманпаша Университетіне бармас бұрын осы университет орналасқан Токат қаласын таныстырып өтелік.
Токат Қаратеңіз аймағының орталығында орналасқан. Түркияның орманды аймақтарының бірі. Қала тарихы бес мың жылдық. Осы жерде 14 мемлекет пен көптеген мырзалық билік құрған. Токат есімінің қайдан шыққаны жөнінде көптеген аңыз бар. Осылардың біріне қарасақ, Токат қамалына байланысты «қорғанды қала» деген мағынаға келетін Тох-Каттан келгені айтылады.Газиосманпаша Университеті


Атақты жиһангер Әулие Челеби болса Токат қамалын Амалика тайпасының аты аңызға айналған батыры Док-Ад салғанын және қаланың атының содан келгенін жазып кеткен.
Енді кезек келді Газиосманпаша Университетіне. Университет ректоры Проф. Мұстафа Шахинмен кездесіп, осы университеттің хикаясын өз аузынан тыңдалық.
«Есімін Плевен қаһарманы Гази Осман Пашадан алған университет 1992 жылы жап-жасыл орманның ортасында, қала орталығына 8 км қашықтықта Ташлычифтликте құрылды. Медицина және стоматология факультеттері орын алған Али Шевки Эрек қалашығы болса қала орталығында. Университет 9 факультет, 4 институт, 8 училище, 15 кәсіптік училище, 13 зерттеу орталығында 30 мыңға жуық студентке білім береді.
Газиосманпаша Университетінде Эразмус, Мәулана және Фараби студент алмасу бағдарламалары жүргізіледі. Осы бағдарламалар арқылы студенттер ел ішінде және шетелдегі түрлі университеттерге жолданады. Айырықша студенттерге қалашықта жарты күн жұмыс істеу мүмкіндігі де бар. Қалашықта қыздар үшін жатақхана бар. Қала орталығындағы қыз және еркек студенттер жатақханасымен бірге көптеген жеке меншік жатақханалар қызмет береді. Қалашықта стадион, жабық спорт залы, теннис алаңдары мен жартылай олимпиадалық жүзу бассейні, серуен жолы сынды спорттық істерге мүмкіндік беретін базалар бар. Студенттер тарапынан құрылған фотография, треккинг, театр, парашют, кино клубтары түрлі шаралар ұйымдастырады»
**
«Түркия білім беру саласында таңдаулы орталықтар қатарына енуде. Университет саны және білім сапасы артып, түрік университеттері халықаралық салада танымал бола бастады. Түркияның әртүрлі ұлт пен түрлі мәдениеттер жастарға құшақ жаюы шетелдіктердің Түркияны таңдауына септігін тигізеді. Түркиядағы университеттер жылдам дамып, жаңаланған осы кезеңде Газиосманпаша Университеті де академиялық еңбек тұрғысынан алда келеді».
- Газиосманпаша Университеті шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер береді? Қазір қай елдерден шетелдік студенттер бар? Олар риза ма?
«Университет шетелдік студенттерге түрік тілі және шет тілін үйрету мақсатымен қажетті инфрақұрылым және техникалық жабдықты қамдау, Түрік республикалары, ағайын қауымдастықтар және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер мен қандастарымызға түрік тілін үйрету, білім, практика және мақала жариялау, осы салада жол көрсетуші болу мүмкіндігін береді.
Газиосманпаша Университеті Түрік тілі зерттеу орталығы 2012 жылы ашылды. 2013-2014 оқу жылында білім бере бастаған орталықта Түрікменстан, Кения, Германия, Марокко, Эфиопия және Сирия сынды әлемнің түрлі жерінен келген студенттер түрік тілін үйренеді. Студенттер түрік тілін және түрік мәдениетін өз ортасында үйренгендіктен тіл үйрену деңгейі өте жоғары. Орталықтан студенттермен қоса қалада тұратын басқа да шетелдік азаматтар пайдаланады. Орталықтың мақсаты шетелден білім алу үшін келген студенттерге түрік тілін үйрету, Түркияны, Токатты және түрік мәдениетін таныстыру, түрік тілі мен басқа тілдерді үйрету тақырыбында ғылыми жұмыстар жүргізу»
**
Газиосманпаша Университетінің ректоры Проф. Мұстафа Шахиннен сұрайтындарымыз бітпеді. Сондықтан келесі аптада сұхбатымызды жалғастырамыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар