Түркия стипендиялары-1

«Түркия стипендиялары» дүние жүзінің барлық жерінен келетін талапкерлерге білім алу мүмкіндігін ұсынады.

344418
Түркия стипендиялары-1

«Басымнан өткен оқиғалардан бір нәрсе үйрендім: Өмір сүрдің бе? ірі болып өмір сүру керек. Өзендерге, аспанға, бүкіл ғаламға араласып, себебі өмір деген нәрсе сыйлық. Өмір – адамға берілген сыйлық»
**
Бүгінгі бағдарламамызды түріктің атақты ақын-жазушысы Атаол Бехрамоғлуның сөздерімен бастадық. Өмірдің бізге берілген сыйлық екенін еш ұмытпастан өмірге қанып өмір сүреміз. Өмірімізді мағыналы мен мәнді қылатын халықаралық білім серуенін қалған жерінен жалғастырамыз.
**
Бағдарламамыздың соңғы бірнеше бөлімінде сіздерді Стамбул қаласына апарып, арман қаланы, әрі әлем көлемінде табыстарға жеткен Бұғазіші Университетін таныған болатынбыз. Әлеуметтік желідегі TRT Horizon парақшасына келген хаттарда Стамбулға байланысты көптеген сұрақ бар. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге уәде береміз. Стамбул тақырыбына Стамбул Университетімен кері ораламыз. Ал енді басқа тақырыптағы сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Жедел және маңызды тақырып Түркия степендиялары.
«Әлемнің білім базасы Түркия» деген ұранмен Түркия әлемнің түкпір-түкпірінен оқу үшін келген жастарды құшақ жая қарсы алады.
Баршаға мәлім, Түркия білім беруде бір брендке айналды. «Түркия степендиялары» арқылы дүние жүзінің барлық жерінен келетін талапкерлерге білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Түркия степендиялары 2011 жылы 50 елден 8 мың өтініш қабылдады. 2015 жылы 182 елден 100 мың өтініш алды. Түркия степендиялары аясында 122 елде сұхбат-емтихан, 20 елде түлектермен кездесу өткізіліп, Түркияның халықаралық студент қозғалысындағы ықпалдылығы жоғары деңгейге жетті.
Түркия степендиялары аясында Түркияға оқуға келген студенттерге айына бакалавр студенті үшін 600 түрік лирасы, магистратура үшін 850 түрік лирасы, докторантура үшін 1200 түрік лирасы, зерттеу үшін 2500 түрік лирасы степендия беріледі.
Степендияға қосымша ұшақ билеті, қонатын жер, университетке төленетін ақша, медициналық сақтандыру беріледі. Және бір жыл түрік тілі оқытылады.
Бүгінге дейін 159 елден 60 мың студент Түркияның жоғары оқу орындарын бітіріп шықты. Бұлардың 10 760-ы Түркия степендиясын алғандар.
Түркияның білім ордаларын аяқтап шыққан түлектер қазір 115 елде тұрады. Түркия түлектері 1016 кафедрада білім алды. Шетелдік студенттер түріктің 110 университетін бітіріп шықты.
20 елде түлектермен бас қосулар өтті. Бұл елдерді атап өтетін болсақ: Йемен, Судан, Камерун, Пәкістан, Әзірбайжан, Македония, Эфиопия, Демократиялық Конго Республикасы, Джибути, Болгария, Ливан, Босния және Герцоговина, Грузия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Танзания және Тәжікстан.
**
Биыл саны 15 мыңға жеткен Түркия степендиясы отбасының жаңа мүшесі болуға лайықты деп табылған студенттерді де ұмытпадық.
Оларды да құттықтап, Түркиядағы білімдерін проблемасыз және жеңіл аяқтауын тілейміз. Оларға жол көрсетуші үшін қысқаша мәлімет беріп өткіміз келеді.
Түркияға келместен бұрын жасалуы керек нәрселер:
Құжаттарды жинақтау, құжаттарды аудару және бекіттіру керек. Шақыру қағазын алғанда алдымен қажетті құжаттарды дайындаңыз. Бұл құжаттар: шақыру қағазы, төлқұжат немесе куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі. Аяқталған соңғы оқу орнынан алынған дипломның түпнұсқасы мен түрікше аудармасы. Аяқталған соңғы оқу орнынан алынған баға тізімінің тұпнұсқасы мен түрік тіліне аудармасы.
Соңғы үш ай ішінде ресми медициналық мекемеден алынған жұқпалы және хроникалық ауруы жоқтығын көрсететін анықтама мен оның түрікше аудармасы.
Бакалавр білімі үшін лицей құжаты.
Бакалавр немесе магистратура білімін Түркияда алған студенттер үшін соңғы үш жылда алынған ALES емтиханының қорытынды құжаты.
Университет талап еткен жағдайда GRE, GMAT секілді емтихандардың қорытындысы.
Егер болса түрік тілінен біліктілік құжаты.
Ағылшын, неміс, француз немесе араб тілдерінде білім беретін кафедралар үшін университет қабылдайтын шет тілінен біліктілік құжаты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар