Маниса және Джелал Баяр Университеті

Джелал Баяр Университеті ректоры, профессор Кемал Челебимен сұхбат

345440
Маниса және Джелал Баяр Университеті

«Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз,

«Білім көкжиегінен» баршаңызға сәлем.
Бүгін бағдарламамызды Түрік-Ислам тарихы және мәдениеті тұрғысынан өте маңызды «Құтты білік» туындысының авторы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың бір сөзімен бастадық. Бүгін де сөзімізді таңдап сөйлеп, ақылды дамытудың ең тамаша әдісінің жақсы білім алу екенін ұмытпаймыз.
Енді еш уақыт өткізбей, жолымызды жалғастырып, сіздерді сұлулығымен аңызға айналған бір қала Манисаға апарамыз.
Магнит пен магнийдің де отаны болып табылатын Маниса Эгей аймағының Измирден кейінгі үлкен қаласы. Тарихы Рим Империясы кезіне дейін барады. Ежелгі дәуірде Магнезия деп аталған. Османлы Империясы кезінде де басқа бір ерекшелігі болған. Османлыда шахзадалар, яғни падишалардың балалары 10-17 жас арасында астанадан басқа жерлерге жолданып, тәжірибе жинақтаған. «Лала» деп аталған тәжірибелі мемлекеттік қайраткерлердің бақылауында әрі міндет атқарып, әрі білім алатын. Шахзада аймақтары арасында ең атақтысы Маниса болатын. Қазір де Манисада «Сұлтанның балалары» деген мағынаға келетін Шахзадалар деп аталатын аудан бар.
Маниса – Измирге жақындығы және ірі компаниялардың орталық базаларын осында құруы себепті өнеркәсіп тұрғысынан Түркияның ең жылдам дамыған қалаларының бірі. Гедиз жазығына жақындығына байланысты Манисада бай өсімдік түрлері егіледі. Атақты Акхисар зәйтүндері, сапалы мақта өндіру, темекі және шиесімен Маниса егіншілік саласында аты аталатын алғашқы үш қаланың бірі. Соңғы жылдары артып отырған органикалық егіншілік өндірісі, бөгет және көлдерімен Маниса эко туризм саласында да маңызды әлеуетке ие. Жүзімі мен «Месир» деп аталатын пастасымен де танымал осы қала жыл сайын өткізілетін фестивалімен де атағы шыққан. Қалайы өндірісі және темір шаруашылығы сынды дәстүрлі қол өнері де жалғасын тауып келеді. Қалада тұрмыс тыныш және табиғи.
**
Енді осы Маниса қаласында Джелал Баяр Университеті ректоры, профессор Кемал Челебимен кездесуге кезек келді. Осы университеттің хикаясын ректордың өзінен тыңдалық:
«Алдымен мынаны айтып өтуіміз керек. Университет Түркия Республикасы тарихының ең маңызды мемлекет қайраткерлерінің бірінің атымен аталады. Джелал Баяр Мұстафа Кемал Ататүріктің соңғы премьер-министрі және 1950-1960 жылдар арасында Түркияның үшінші және офицерліктен келмеген алғашқы президенті ретінде қызмет атқарды.
Джелал Баяр университеті болса 1992 жылы, Түркияның ежелгі қалаларының бірі Манисада құрылды. 10 факультет, 5 жоғары училище, 3 институт, 15 кәсіптік училище, 23 зерттеу орталығы және 600 орынды ауруханасымен білім, зерттеу және емдеу қызметтерін жалғастыруда.
Университет медицина, инженерлік, педагогика, теология, экономика және спорт саласында бакалавр, магистратура және докторантура білімін беруде».
Енді әлеуметтік мүмкіндіктер туралы айтып берейік:
«Жастар және спорт министрлігіне қарасты жатақханалар 8000 төсек-орынды. Білім беру министрлігі бақылауындағы жатақхана болса 3 мың орынды. Несие жатақхана дирекциясы қалаған студентті жатақханамен қамтамасыз етеді. Айырықша Маниса студенттердің бюджеттеріне сай қала болғандықтан, Маниса халқы да студенттерге жақсы қарайтындықтан үй жалдап тұру қиын емес.
Қала орталығындағы кампустарда сауда орталығы, асхана, кафетериялар бар. Ашық және жабық спорт залдары, ашық және жабық жүзу бассейіндері, футбол және теннис алаңдары, спорт орталықтары студенттердің қызметінде»
**
«Джелал Баяр университетінде жыл бойы жүзден астам мәдени және әлеуметтік шаралар ұйымдастырылады, атақты әншілер келіп концерт береді. Ғалымдармен сұхбаттар өткізіледі.
Студенттер 75 мың шақты кітап, 1 миллион 200 мың электронды кітап және 80 мың журнал оқуға мүмкіндік беретін кітапханадан пайдаланады. Кино театр мен мәдениет орталығы да студенттердің қызметінде.
Шетелдік студенттер де тіл үйрену үшін еш қиындық жекпейді. Түрік тілін үйрену үшін ашылған курстарға қатысады».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар