Мұстафа Кемал атындағы университет

Ректор Профессор Хасан Каямен сұхбат

304671
Мұстафа Кемал атындағы университет

"Бір ескі ән, бір ескі көктем, таныс теңіз. Уақыт сәуір айының ортасында бір кеш"
Түркия үні радиосынан баршаға сәлем. Халықаралық студент серуені бар жылдамдығымен жалғасады.
Бүгін білім көкжиегінде атты бағдарламамызды Түркияның беделді ақындарының бірі Тургут Юярдың өлең жолдарымен бастадық. Сәуір айының аяғына жақындап қалғанда біз де сіздерді бір таныс теңіздің жағасына апарамыз. Бүгін Жерорта теңізінің тамаша қалаларының бірі Хатайға қарай жолға шығамыз.
**
Антакия, тарихи атауымен Антиох Түркияның оңтүстігінде Сирия шекарасына жақын жерде орналасқан. Аси өзенінің бойына құрылып, Амик жазығының берекетті топырағынан нәр алған.

Мұстафа Кемал атындағы Университет
Бүгінгі күні қаншалықты қарбалас бір территорияға жақын болса да тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы бес мыңыншы жылға дейін баратын, Рим империясының ең ірі қалаларының бірі болған Антакия тарихи ғимараттарымен жасырын қалған қазына іспеттес. Хатай христиандарға христиан деген атау берілген және тарихтың тұңғыш шіркеулерінің бірі Сан Пиер шіркеуі, әлемнің ең ірі мозайка мұражайы орналасқан Антакия Археология мұражайы, Титус туннелі сынды ғимараттарға мекен. Сонымен бірге теңізге жақындығы және төңірегіндегі ормандармен де табиғат сүйерлерді тартады. Бай асханасымен де теңдесі жоқ дәмдердің орталығы болған Антакия шығыс пен батыс мәдениеті тоғысқан, Түркияға келген баршаға тамаша уақыт өткізетін қалалардың бірі.
Енді сіздер күткен бөлімге де кезек келді. Сіздерді Хатайда Мұстафа Кемал Университетіне апарып, барлығымыз бірге ректор Профессор Хасан Каямен кездесеміз. Осы табысты университеттің хикаясын ректордан тыңдалық:
"1992 жылы өркениет бесігінде құрылып, ұлы көсем Мұстафа Кемалдің атын алған университет динамикалық және еңбекқор штатымен аймағы мен Түркияның болашағына жарық түсіретін бір университет. Университет жылдары адам өмірінде адамгершілігі қалыптасып, карьера иесі болуы тұрғысынан ең маңызды уақыт болып табылады. Табиғаты, теңізі, тарихи тынысы мен бай өнеркәсіптік мүмкіндіктерімен өркениеттер елі Хатайда білім алу бір студент үшін үлкен артықшылық. Сонымен бірге бай инфрақұрылымы, әлеуметтік мүмкіндіктері және ғылыми мәдени саладағы шараларымен сапалы студент оқыту университеттің негізгі мақсаттарының бірі"
Хатай
"Мұстафа Кемал атындағы университеттің 12 ауданда 56 ғимаратында құрамында 15 факультет, 3 институт, 6 жоғары мектеп, бір консерватория, 18 кәсіптік училище, 19 зерттеу орталығы бар, 36 мыңға жеткен студент санымен тек сан жағынан емес, сапа жағынан да күн сайын өсуде. Өркениетер бесігі болған қалаға он км қашықтықтағы Тайфур Сөкмен кампусында магистратура және докторантура деңгейінде білім беретін Табиғат білімдері, әлеуметтік білімдер мен медициналық бөлімдер институттары мен Педагогика, табиғат білімдері мен әдебиет, көркем өнер, экономикалық және әкімшілік білімдері, медицина, ветеринарлық және ауыл шаруашылығы факультеттері, айырықша жаңа құрылған стамотология, коммуникация факульеттеті мен сол кампустағы дене шынықтыру және спорт училищесі, физикалық терапия және реабилитация училищесімен қызмет беруде.
Әрбір қарыш топырағы тарих мүңкіп тұрған Антакия орталықта Сәулет факультеті мен Хатай медициналық училищесі, теңіздің көк түсімен сиқырға айналған Искендерунда инженерлік және су өнімдері факультеттері мен туризм және қонақүй училищесі, азаматтық авиация училищесі бар. Айырықша құрылып жатқан Технология және Барбарос Хайреттин теңіз факультеттері мен Мұстафа Кемал Университеті аймақ пен еліміз экономикасында үлкен үлесі бар өндіріс саласынан және теңіз резервтерінен пайдалану бағытында маңызды рол ойнайды.
Искендерундағы Мұстафа Языджы мемлекеттік консерваториясы да университеттің батысқа бағытталған бейнесімен замандас шақтың шарттарына сай, таңдаулы оқытушыларымен замандас музыка білімін береді"
**
Құрметті ректордан "Сіздің ойыңызша студенттер Мұстафа Кемал атындағы университетке неге келеді?" деп сұрадық.
" Мұстафа Кемал атындағы университет ретінде барлық тақырыпта шетелдік студенттердің жанындамыз. Халықаралық қатынастар кеңсесі студенттерге барлық тақырыпта қолдау береді және проблемаларын жедел шешеді. Эразмус бағдарламасы студенттері түрік студенттермен бірге тұрады, осылайша түрік мәдениетін жақыннан тану мүмкіндігіне ие болады. Студенттердің Антакияға үйлесімінде және мұқтаждықтарының қамдалуында ешбір проблема болмайды".


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар