Сакария Университеті - 2

Сакария Университетіндегі жатақхана және әлеуметтік мүмкіндіктер туралы ректордан сұрап білдік.

289734
Сакария Университеті - 2

«Жер бетіндегі барлық нәрсенің бір себебі бар. Әрбір өсімдік бір ауруға ем. Әрбір адамның өзіндік міндеті болады. Міндет – үлкен іс тындыру емес, қажетті істі атқару»


Көктем жаңбырымен жуынып тұрған Анкарадан сіздерге ыстық сәлем жолдаймыз. Әлемнің қай жерінде болсаңыз да, қай маусымда болсаңыз да, сол маусым ойдағыдай өтіп жатқан болар деп сенеміз.
Бүгінгі бағдарламамызды Нобель сыйлығының лауреаты, хирург Алексис Каррельдің сөзімен бастадық. Әрқайсымыздың өмірге келуде бір себебі бар деп сенеміз. Ірі болсын, ұсақ болсын, біз де жауапкершілігіміздегі міндетті лайықты түрде атқарсақ, осы дүниеде із қалдырып, бір нәрсені өзгерте аламыз.
**
Өткен апта сіздерді табиғи сұлулықтары және тарихымен атағы шыққан, сүйкімді қалаға Сакарияға апарып, Сакария Университетін тани бастаған болатынбыз.
Осы аптадағы бағдарламамызда да Сакария Университеті ректоры Профессор Музаффер Элмастан сұрайтындарымыз бар. Ендеше еш уақыт өткізбей, сұхбатымызға келейік.

Сакария Университеті
Құрметті ректордан Сакария Университетіндегі жатақхана және әлеуметтік мүмкіндіктер туралы сұрадық:
«Сакария Университеті студенттері үшін Несие және жатақханалар мекемесінің Эсентепе студенттік жатақханасы бар. Алаңы шамамен 3600 шаршы метрлік жатақханада 446 студенттік орын бар. Мүмкіндіктері және қызметі тұрғысынан ISO 9002 Сапа құжатына ие жатақханада екі бөлме мүгедек студенттер үшін арнайы дайындалған.
Студенттердің сабақтан тыс уақыттарын жақсы өткізуі үшін қалашық ішінде түрлі спорттық базалар салынған. Осы базалар жабық спорт залы, степ-аэробика залы, фитнес орталығы, теннис алаңы, футбол көгалы, баскетбол және құм волейболы алаңдарынан тұрады. Айырықша қалашық ішінде жүгіру жолы мен өрмелеу қабырғасы дайындалған.
Студенттердің түрлі спорттық, мәдени, өнер және ғылыми жұмыстарына көмекші ретінде университет құрамында қызмет көрсететін 128 студент клубы бар. Студенттер өздері қалаған клубтарға мүше болып, өзіне ұнайтын саламен айналысуына мүмкіндік табады.
Университет құрамында футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, каратэ, таэквондо, дзюдо, күрес, үстел теннисі, альпинизм, бокс, теннис сынды спорт түрлерінде клубтар құрылған.
Жыл сайын студенттер арасында футбол, баскетбол, волейбол, бильярд, үстел теннисі және шахмат турнирлері өткізіліп тұрады»

Сакария Университеті
**
Сакария Университеті шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынады?
«Университет құрамында шетелдік студенттерге қызмет беретін Шетелдік студенттер кеңсесі құрылды. Студенттік істер департаментіне қарасты осы кеңсе бес қызметкерімен тіркелу кезінен университетті аяқтап шыққанға дейін студенттердің академиялық, әлеуметтік және мәдени проблемаларымен айналысады. Осы қызметтерді бере отырып, университетті бітіріп кеткен түлектермен де байланысты үзбеуде.
Университеттің Түрік тілін үйрету орталығы да шетелдік студенттерге қызмет береді. Түрік тілін білмейтін студенттерге орталық тілін түлін үйретеді»
Сакария Университеті ректоры Профессор Музаффер Элмасқа «Шетелдік талапкерлерді университетке қалай шақырар едіңіз?» деп сұрадық.
«Әлемге ашық, әлемді танитын түлектер оқытып шығуды және университет тарихынан келе жатқан құндылықтарды өзіне жетекші қып еңбек етуді мақсат еткен Сакария Университетінің жалпы атмосферасы түркі әлеміне, Таяу Шығыс және Балқан аймақтарына өте жақын. Университеттің артып отырған танымалдығы арқасында осы елдерден келген студенттер саны артып келеді.
Шетелдерден келген студенттерге жалпы назар салып қарасақ, тарихта бізбен байланысы болған, бауырластық қатынастарымыз бар елдерден келгенін байқаймыз. Қазір 2300 шетелдік студент біздің университетте білім алып жатыр. Біз осы көрсеткішті 4-5 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сакария Университеті ретінде шетелдік студенттердің тек кәсіптік дайындық тұрғысынан жетік болуын ғана емес, түрлі мәдени жиынтыққа ие, түрлі ұлттарды танитын азаматтар болуын да қалаймыз. Шетелдік студенттер – біздің қонақтарымыз. Шетелдерден оқуға келетін студенттер университетімізде технологияны және жаңалықтарды жақыннан қадағалап отырып білім алады».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар