Сакария Университеті

Сакария Университеті ректоры профессор Музаффер Элмаспен сұхбат

272013
Сакария Университеті

"Он төртінші қағида: Алла Тағала сенің алдыңа шығаратын өзгерістерге тойтарыс берудің орнына, беріл. Өмір саған қарама қарсы емес, сенімен бірге ақсын. "Жүйем бұзылады, өмірім өзгереді, тас талқан болады" деп уайымдама. Тас талқан болуы сен үшін жақсы болатын шығар, оны білмейсің ғой".
Сіздерге Анкарадан сәлем жолдаймыз. Түркия үні радиосында "Білім көкжиегінде" атты бағдарламада табысып отырмыз. Бүгінгі бағдарламамызды Түркияның атақты жазушыларының бірі Элиф Шафактың "Махаббат" атты кітабынан бір үзіндімен бастадық. Әз. Мәулананың "Махаббат шариғаты" ұғымынан нәр алған діни философия мен дүняю махаббатты бірге баяндайтын осы кітапта осылай ойландыратын көптеген сөз бар.
Біз де өзгерістерге қарсы шығудың орнына оларды мақсатымызға қарай пішіндеуді таңдаймыз және халықаралық білім алу серуенін қалған жерден жалғастырамыз.
Бүгін басқа бір қалаға Сакарияға барамыз.
Сакария Түркияның солтүстік батысында, Стамбулға шамамен жүз км қашықтықта, шамамен бір миллион халық санды өнеркәсіп қала. Тарихы хеттерге дейін баратын осы сүйкімді кішігірім қала әрі төңірегіндегі табиғи сұлулығымен, әрі тарихымен Түркияның ең маңызды қалаларының бірі.
Жастардың сүйіктісі Чарк даңғылы қаланың жүрегі болса да, қасындағы Сапанджа көлі, Сакария өзені, жайлауы мен Картепе шаңғы орталығы қаланың тартымдылығын арттырады. Ірі шайқасқа куәгер болған, өзі туралы әндер жазылған, осы қала Қаратеңіз бен Мәрмәр теңізіне жақындығымен де әртүрлі саяхаттарға мүмкіндік береді.
Енді Сакария Университетін таныстыруға кезек келді. Ректор профессор Музаффер Элмаспен кездесіп, Сакария Университетінің хикаясын өз аузынан тыңдалық:
"1992 жылы құрылғаннан кейін академиялық және техникалық құрылымын жылдам тамамдаған университет әкімшілік органдарымен ISO-2002 сапа құжаты және EFQM Мінсіздік сапа құжатына ие болған алғашқы және жалғыз мемлекеттік университет. Лаборатория, білім және әлеуметтік қызметтерімен бірге интернет жүйесі, компьютерлік технология саласындағы бастамаларымен көптеген университет үшін үлгі өнеге болады.
Сакария Университеті құрамында төрт институт, он үш факультет, төрт училище, мемлекеттік консерватория және он төрт кәсіптік училищесімен бакалавр, магистр және докторантура деңгейінде білім береді. Ректоратқа қарасты үш кафедра, он үш зерттеу және практика орталығы да өз саласында маңызды істер атқаруда. Айырықша университет алыстан оқу орталығы аясында магистратура бағдарламалары, аралас білім бакалавр бағдарламалары, сертификат бағдарламаларымен өз дамуын жалғастыруда".
Сіздің ойыңызша, шетелдік талапкерлер Сакарияға неге келеді?
"Сакария географиялық тұғыры, егіншілік, өнеркәсіп және қызмет саласында ел экономикасындағы үлесі, ыңғайлы инвестиция шарттарымен таңдаулы өнеркәсіптенген бір қала. Отандық және халықаралық студенттер үшін де тарихи байлығы, өзіне тән табиғатымен Стамбул, Анкара, Бурса, Коджаэли сынды үлкен қалаларға жақындығымен тартымды келеді. Сакария Түркияның ең ірі екі қаласы Анкара мен Стамбулды бір бірімен байланыстыратын жол бойында орналасқан. Коджаэли, Бурса және Ескишехир сынды маңызды қалаларға тек бірнеше сағаттық қашықтықта, Стамбулға қашықтығы 148 км, ал Анкараға қашықтығы 305 км. Университетімізге оқуға келген шетелдік студенттер Түркияның көптеген қаласын көру мүмкіндігі ие болады.
Қалада жатақхана мүмкіншіліктері де қамдалған."
Сакария Университеті ректоры профессор Музаффер Элмастан енді шетелдік студенттер осы университетті неге таңдау керек деп? сұрадық:
"Сакария Университеті шамамен екі мың бес жүз студентімен Түркияда алдыңғы қатарда. Университет шетелдік студенттерге бакалавр, магистр салаларында орын бөлуде. Оқытушы штатымыз тәжірибелі, шетелдердегі білім ордаларында оқыған, халықаралық деңгейде шығармалары бар ғалымдардан тұрады.
 Электроникалық ұлттық және халықаралық мерзімді басылымдар жиырма төрт сағат бойы студенттер мен оқытушылардың қызметінде. ЕО университтерімен хаттамалар ға қол қойған университет Эразмус студент алмасу бағдарламасы аясында екі жүзден астам университет студент жолдауда. Осы мүмкіндіктерден шетелдік студенттеріміз де пайдалана алады".


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар